Білім

Мектептегі көрме

Ақтөбедегі №65 жалпы орта білім беру мектебінде «Ұлттың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі жасақталды. Оқушыларға ағартушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, кітаптарына шолу жасалды.

№9 Пригородный модульдік кітапхананың кітапханашысы Сарбиназ Даутиева өз сөзінде рухани мұрасына кеңінен тоқталып, өлең жолдарын оқыды. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай библиошар өтті.

Қазақ халқында ғұмырын ізгілікке арнап, ел дамуы жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың бірі — Ахмет Байтұрсынұлы. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытты. Өзінің өткір тілді өлеңдері, жыр-жинақтары арқылы халқының құлағына маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халықты оятуға талпынды. Халқымыздың рухани көсемі қазақ үшін қашанда биік тұғырдағы тұлға болып қалады.

Мейрамгүл ЖҰМАБАЕВА,

№65 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button