Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов жауын-шашынның салдарынан туындаған мәселелерді  жедел шешуді тапсырды

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық отырыс барысында облыс орталығында ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған мәселелерге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Дәлірек айтқанда, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа жаңбыр суы жиналған орындарда су сору және бұру жұмыстарын жедел ұйымдастыруды тапсырды. Қазіргі таңда қала бойынша бұл бағыттағы жұмыстар бәсең жүргізіліп жатыр.

Бұдан өзге, Батыс-2 шағын ауданындағы қара жолдарға, оның ішінде құрылысы жүріп жатқан нысандардан көше жолдарына дейінгі аумаққа  қиыршық тас төсеу міндеттелді.

«Қысқа мерзім ішінде барлық құрылыс нысандары аталған жұмыстарға тартылсын», — деп Ералы Тоғжанов тиісті мемлекеттік орган басшыларына тапсырма берді.

Өңір басшысы сондай-ақ, Алға, Қандыағаш және Шалқар қалаларында абаттандыру мен санитарлық тазалау жұмыстарын күшейту қажеттігін баса айтты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button