Пікір

Болашақты бағдарлайтын кез

Бану ТІЛЕГЕНОВА

кәсіпкер, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі

Президент сайлауы — елімізүшін басты оқиғалардың бірі, себебі біздің таңдауымыз келешекте мемлекеттің экономикасы мен саясаты қандай болатынына тікелей байланысты. «Менің дауысым ештеңе шешпейді» деп ойлау қате. Себебі сайлау — болашақты бағдарлайтын саяси оқиға.Еліміздің басшысы сайланып жатқанда үйде қол қусырып отыруға болмайды. Еліміздің әр азаматы сайлауға саналы түрде жауапкершілікпен қарауы керек.

Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің жанданып, кәсіпкерлерді қолдау алдағы уақытта да жалғасын тапса деймін. Мемлекеттік бағдарламалар халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін көріп жүрміз. Осындай игі істер алдағы уақытта да атқарылуы үшін әрқайсысымыз өз таңдауымызды жасауымыз керек.

Біз қазіргі жастарға азаматтық позициямыздың үлгісін көрсетуіміз керек. Дауыс беру арқылы тұтас ұлттың болашағын өзгертуге ықпал ете аламыз. Сол себепті мемлекет алдында азаматтық парызымызды орындап, өзімізге лайық деп санайтын кандидатқа дауыс берейік.Елімнің болашағына бейжай қарамайтын адам ретінде ақтөбеліктерді 20 қарашада болатын Президент сайлауына белсене қатысуға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button