Пікір

Ел бірлігін көрсетсе…

Марат ҚОЙЛЫБАЕВ,

республикалық  «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің кеңесі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

Ауған соғысы ардагері ретінде қай кезде де ел бірлігі мен ұлт тұтастығын бірінші орынға қоямын. Майдандастарымқай уақытта да елдің керегіне жарауға тырысты. Әлі де мүмкіндігінше қызмет етуге әзір.

Шүкір,Қазақстанымыз бүгінде көшбастап тұр. Халқымыздың саны кей елден аз шығар, бірақ әрбіріміз сапалы болсақ, біріміз мыңға, мыңымыз миллионға татимыз.Елімізде болып жатқан саяси реформалар да өз жемісін беріп жатқандай. Кез келген мемлекеттің басты байлығы — халық,ендеше,халықтың көңілі тоқ болса, биліктің жолы да даңғыл болмақ. Осы жолда үлкен жауапкершілікті мойнына ала алатын ерлер керек-ақ. Бүгінгі күннің батыры — елдің ертеңі үшін елеңдейтін, амандығы үшін алаңдайтын азамат. Басшы тірлігін, ел бірлігін көрсетсе, досқа қадірлі, дұшпанға сесті болатынымыз анық. Отанға деген ең үлкен қызмет — қазіргі тыныштықты сақтауға үлес қосу. Жиырмасыншы қарашада ел билігін қолға алуға ниетті ерлер кезектен тыс Президент сайлауына түседі. Барлық ақтөбеліктердісайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button