Жаңалықтар

Жетпісінші  мешіт ашылды

Иман

Мәртөк ауданының Родников ауылында жаңа мешіт ашылды. Бұл — облыстағы жетпісінші мешіт.

Бұл жөнінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мешіттің ашылуына ауыл тұрғындарымен бірге, облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев қатысты.

Салтанатты шарада облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев пен облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары бата берді.

Бүгін ашылған жаңа мешіттің ел игілігіне, ұлт бірлігіне және жас ұрпақтың адамгершілігі мол, салиқалы болып өсуіне өлшеусіз үлес қосып, үлкен имандылық ордасына айналуына тілектеспіз, — дей келіп, бас имам жаңа мешіт үшін арнайы алдырған сыйлықты тарту етті.

Ауыл мешіті жергілікті кәсіпкерлер, ағайынды Данияр мен Арман Телевтердің демеушілігімен тұрғызылды. Мешітте бір мезетте 150 адам ғибадат ете алады.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button