Мереке

Құрметті ақтөбеліктер!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді Республика күнімерекесімен шын жүректен құттықтайды!

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданып, еліміз бүкіл әлемге өзінің тәуелсіздігі туралы жариялаған-ды.

Біздің мемлекеттілігіміздің негізгі қағидаттары —жеріміздің біртұтастығы, республика аумағының қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгі, қазақ ұлтының және елімізде тұратын басқа да халықтардыңөзіндікмәдениетін, дәстүрлерін, тілінсақтау, жаңғыртужәнедамыту, ұлттықбірегейліктінығайту болды.

32 жылдан бері еліміз  өзінің даму жолының бастапқы қадамдарында бекіткен сол қағидаттардан айныған жоқ: бүгінгі  Қазақстан — татулық пен бірлікті ту еткен демократиялық мемлекет.

Отыз жылдан астам даму жолында жас мемлекетіміз өз шекараларының тұтастығын сақтай отырып, ұлтымыздың бет-бейнесі — мәдениетімізді, ана тіліміз бен ұлттық рухани мұраны қастерлей отырып, елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарап, көрші мемлекеттермен, бейбіт қарым-қатынас орнатып келеді.

Қоғам өмірінің түрлі салаларында заманауи технологиялар қарқынды енгізіліп, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін бар жағдай жасалып жатыр. Еліміз болашаққа жасампаздықпенбатыл қадамдар жасап келеді!

Құрметті ақтөбеліктер!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді Республика күні мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтайды!

Шаңырақтарыңызға ынтымақ,  отбасыларыңызға бақыт пен құт-береке тілейміз!

Ізгі ниетпен,

Амангелді НҰҒМАНОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button