Жаңалықтар

Қайсар жандар бас қосты

Конференция

Мүгедектер күні қарсаңында облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен конференция өтті.Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын толық әрі тең сақтау, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау мақсатында өткізілген шараға 200-дей адам қатысты.

— Бұл саладағы барлық мәселені бір күнде шешіп тастау мүмкін емес, дегенмен Президенттің сенімімен, Мәслихат депутаттарының қолдауымен осы өңірге басшы болып келген соң, мәселелерді жан-жақты саралап, шешу жолын бірге қарастырамыз,— деп Е.Тоғжанов жылы лебізін білдіріп, өмірді сүюге, ол үшін күресуге шақырды.

Басқосуда тұрғындар өзекті  тақырыптарды қозғады. Қызметтерге қолжетімділік, білім беру, медициналық қызметтер, тұрғын үй және спорт, жұмыспен қамту, т.б. мәселелерді қамтыды.

Бүгінде Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі 28 451 адам тұрады. Олардың ішінде өнерлі жастар, спортшылар бар.

— Мүгедектер күні мереке емес. Бұл— біздің өзімізге және қоғамға «мен жеке, әлеуметтік өмірімді жақсарту үшін не істедім?» деген сауалды қоятын күн. Сол үшін бұл шараға көкейде жүрген сұраққа жауап алу үшін, өз ойымызды талқыға салу үшін келдік. Бұл күн — рухы мықты жандарды, өмірде қандай жағдай болса да керемет нәтижелерге қол жеткізген адамдарды құрметтейтін күн, —  дейді қалалық сал ауруларына шалдыққан азаматтарды қолда орталығының басшысыГүлмирам Сражова.

Қазақстанның Еңбек Ері, «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы»қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құралай Байменова:

— Бар мүмкіндік бізге ғана жасалсын демеймін. Себебі бізден басқа да адамдар бар, олардың да өз жайы, өз мәселесі бар. Дегенмен біз жыл сайын өмірімізді жақсарту үшінне істедік, енді не қалаймыз деген тақырыптарды қозғаймыз. Мысалы, қаламыздың көп мекемелерінде пандус жоқ. Оған қоса, мүгедектер арбасын жөндеу орталығы жайлы айтылып келе жатқанөтінішіміз осы жылы ғана орындалды. Демек біз баяу жұмыс істеп жатырмыз,—дейді ол.

Жыл сайын қоғамдық бірлестік әлеуметтік саладағыүкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мүгедек адамдардың өмір салтын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша конференция ұйымдастырады.

 Насиба АРМАНҚЫЗЫ 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button