Жаңалықтар

Еңбекақы берешегі қайтарылып жатыр

Брифинг

Еңбекақы берешегі бойынша өткен тоғыз айда мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруімен 12 кәсіпорыннан 80,9 млн теңге өтелген.

Жыл басынан бері «Еңбек тәуекелдері картасына» өңірдің 10 кәсіпорны енген. 3 кәсіпорын жалақы бойынша берешек болған, ал жалақы деңгейімен, еңбек жағдайларымен және т.б. келіспеуге байланысты 7 еңбек ұжымында наразылық тіркелді.

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы 2022 жылдың 9 айлық жұмысын қорытындылады. Басқарма басшысының орынбасары Талғат Искаринның айтуынша, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты тұрғындарданжыл басынан 1495 өтініш түскен.

Өтініштер мен арыздарды жіті қарай келе басқарма өкілдері 318 тексеріс жұмысын жүргізуге шешім қабылдаған. Ұйымдастырылған іс-шаралар кезінде 553 мәрте тиісті заңнаманы бұзушылық анықталыпты.

Облыста өндірісте орын алған жазатайым оқиғаның саны 58-ге жетіп отыр. 85 адам түрлі дəрежеде зардап шегіп, соның салдарынан бір адам қаза тапқан.

Жазатайым оқиғалардың күрт өсуі жол-көлік оқиғаларының көптігі салдарынан болып отыр. Мәселен, осыған байланысты 7 оқиға тіркеліп, 34 адам зардап шеккен.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны мұнай-газ өнеркәсібі орындарында — 32 адам, тау-кен металлургия кешенінде — 15 адам және құрылыс саласында — 7 адам тіркелген.

Осы жағдайларға байланысты жүргізілген барлық өндірістік тергеп-тексеру құжаттары əрі қарай құқық қорғау органдарына жолданды.

Өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмысты жақсарту мақсатында 25 кәсіпорында арнайы ұйымдар мен өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізді. Онда 1435 объект аттестаттаудан өтті.

 Насиба АРМАНҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button