Жаңалықтар

Арадағы әріптестік нығаяды

Мәслихат

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов облыстық спорт және дене шынықтыру ардагерлері кеңесінің төрағасымен салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық тәлімгерлік мәселелерін талқылады.

Биылғы сәуір айында құрылған облыстық спорт және денешынықтыру ардагерлері кеңесінің төрағасы Бақтығали Шоқаевтың айтуынша,сала ардагерлеріөңірдегі жастарды түрлі спорттық турнирлерге тартуда белсенді болуы керек.

— Спорт ардагерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында сондай жарыстардың бірін ұйымдастырып, екі ұрпақ өкілін біріктіргісі келеді. Бірақ қаржы жағынан қиындықтар туып тұр.  Осы істе облыстық мәслихат қолдау көрсетеді деп үміттенеміз, — деген  Бақтығали Шоқаев кеңестің басыбайлы ғимараты жоқтығын да айтты.

Өз кезегінде облыстық мәслихат хатшысы жастарды спортқа баулу, аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы байланысты нығайту дәйім басым бағыттар қатарына кіретінін баян етті.

— Біздің тарап мұндай бастаманы қолдайды. Және жастардың соған атсалысуына үлес қосады, — деді ол.

 Айәли АЙБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button