Жаңалықтар

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Брифинг

Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті абаттандыру ережелерін сақтау бойынша елді мекендерге мониторинг жүргізді.Осы жылдың 26 қыркүйегінен бастап 4 қазанға дейін біршама жұмыстар жасалған.

Департамент мамандары сауда объекті өкілдеріне екі айлық тазарту жұмыстары жүргізілуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, семинарлар ұйымдастырыпты. Облыс бойынша 238 шағын сәулет нысаны қалпына келтірілген. Абаттандыру ережелерін сақтау, іргелес аумақты таза ұстау бойынша халыққа кеңінен ақпарат таратты.

— Осы уақытқа дейін тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 1513 ақпараттық хат таратылды. Департаменттің және аудандық басқармаларының әлеуметтік желілерінде қала мен елді мекендерде тазалық сақтау жөнінде, сенбілік өткізудің маңыздылығы туралы 118 ақпараторналастырылды,— дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Нұрлыбек Досжанов.

Оның айтуынша, басқарма басшылары әлеуметтік желіден 15 тікелей эфир арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізген, жергілікті радиоарналары арқылы 11 рет ақпарат берген. Сенбілікте департамент және басқарма мамандары Бөкенбай батыр даңғылы бойындағы скверді, ал аудандар бекітілген аумақтарды тазалап, белсенділік көрсеткенін айтты.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button