Мереке

Қарттарға құрмет

Елімізде қарттар күні атап өтіліп жатыр. Немере-шөберелерінің өнеріне риза болған ата-әжелер батасын беріп, көз жанарын сулап, балаша қуанып, бір жасап қалады.

Ақтөбе қаласының Ақжар-2 ауылының М.Ғабдуллин атындағы №70 орта мектебінде «Қарттарын ардақтаған  ел ардақты» атты әдемі кеш өтті. Оған әр кластан ата-әжерлер арнайы шақырлып, құрметті қонақ болды. Мерекелік кешті құттықтау сөзбен ашқан мектеп директоры Дабылбек Құдайбергенов ардагер қарттардың ел үшін сіңірген еңбектері мен ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз қажыр-қайраттарын айта келе, мектеп ұжымы атынан шынайы алғысын білдірді. Ата-аналар атынан сөз алған Наталья Бердалина, Қадем Нақбаев ризашылықтарын білдіріп, қарттар мерекесімен тұспа-тұс келген мұғалімдер күнімен ұстаздар қауымын құттықтады.
Мектеп оқушыларынан құралған жас өнерпаздар ардақты ата-әжелеріне ән мен биден мерекелік шашу шашса, музыка пәнінің мұғалімі Ақмарал Құттымұрат «Перзент парызы» әнін тарту етіп, қошеметке бөленді. Қарттарға құрмет кеші Ерғазы Айдаровтың ақ батасымен аяқталып, қонақтарға сый-сияпат табысталып, естелік суретке түсті.

Бақыт Имашев,
зейнеткер.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button