Басты жаңалықтар

Төртеу түгел шықты

Таза қала

Бүгінгі сенбілікке облыстық қаржы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрлық технологиялар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, денсаулық сақтау басқармалары, көліктік бақылау, еңбек, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты қоқыстан тазалады. Облыстық қаржы басқармасының бас маманы Нұрлыбек Жұмағалиев:
— 3 апта қатарынан бекітілген жерді тазалап жатырмыз. Бүгінгі сенбілікке 16 адам қатысты. Әр сенбі сайын 40-50 қапшық қоқыс шығады. Қаланың таза болуына, кішкентай болса да өз үлесімізді қосып жатырмыз деп ойлаймын, — дейді.
Ал энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Мұздыбайұлы алдыңғы апта Болашақ шағын ауданын жинағандарын, қазір әуежай маңындағы алаңды жинауға 20 шақты адам қатысқанын айтты.
Негізінде сенбіліктер экологиялық мәдениет қалыптастыруға және өңіріміздің жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға баршамыз үлес қосуымыз керек.

Насиба Зарлықова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button