Жаңалықтар

Шуақты мереке

Қарттар күні

1 қазан — қарттар мерекесі қарсаңында өңірде жыл сайын түрлі іс-шара өткізіледі. Биыл да бірқатар шаралар жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.  

Жиында ардагерлер ұйымының қызметі мен мемлекеттен көрсетілетін қаржылай көмектің берілу тәртібі баяндалды:

Облыста 12 аудандық ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды. Оларға 307 бастауыш ұйымы мен 16 салалық ұйым кіреді. Қазіргі таңда өңір бойынша 96 мыңнан астам зейнеткер бар.

Жеңістің  77 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының 7 ардагеріне 2 миллион теңге  мөлшерінде біржолғы төлем төленсе, оларға теңестірілгендерге 100 мың мен 50 мың теңге аралығында қаржылай көмек көрсетілді. Нәтижесінде облыс бойынша 5 415  адамға 378,7 миллион теңге материалдық көмек берілді, — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Шынар Құрманбаева.

Қарттардың бос уақытын ұтымды пайдалануда, оларды мәдени, спорттық шараларға қатысуын қамтамасыз етуде, денсаулықтарын нығайтуға, әлеуметтік, психологиялық қамқорлық жасауда бірқатар жоба іске асырылды. Облыста жыл басынан «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы аясында 6 орталық іске қосылып, оның қызметін 906 адам пайдаланды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button