Жаңалықтар

Татулық бәрінен қымбат

Семинар-тренинг

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Халықаралық келіссөздер академиясы қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Этносаралық қақтығыстарды реттеу» және «Этносаралық қатынастардағы медиация» атты екі күндік семинар-тренинг өтті.

«Қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімдері, басқарма басшылары және ішкі саясат қызметкерлері қатысты.

Тренинг спикерлері қатарында «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» ЗТБ Президенті, Еуропа ассамблеясының құрметті мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, медиатор-жаттықтырушы Светлана Балпейісова, тренер-медиатор, жаттықтырушы, бітімгер Күлпәш Шалбулова және PhD ғылымдарының докторы, тренер-медиатор, заңгер Гүлнәр Нарбаева да бар. Олар екі күн бойы медиациялық құқық, бітімгершілік, этносаралық татулықты сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұлтаралық қатынасты тұрақтандыруға бағытталған іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады. Қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған тренинг барысында болашақ тренерлерді даярлаймыз. Екі күндік семинар нәтижесінде 80 адам біліктілігін арттырды, — деді медиатор Светлана Балпейісова.

Аталмыш шара облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілді.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button