Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Ақтөбе өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, әртүрлі салада абыройлы еңбек еткен 70 ардагерге мерекелік дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

— Қазақ — мұндай айтулы күнсіз-ақ үлкенін сыйлаған халық. Ақтөбе облысының өсіп-өркендеуінде сіздердің де зор еңбектеріңіз бар. Сондықтан осындай атаулы күні барлығыңызға өңірдің әлеуетін көтеріп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жолында жасаған еңбектеріңіз үшін, салтымыз бен дәстүрімізді дәріптеп көтергендеріңіз үшін рақмет айтамын. Бірқатар ағаларымызбен бұған дейін де кездестім. Сіздермен ақылдасатын әлі талай мәселе бар. Ұсыныстарыңызды тыңдауға, келелі, нақты істерді бірлесе жүзеге асыруға дайынмын. Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында ардагерлерге облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттеріне жыл бойы тегін жазылу сертификаты табысталып, ақ жаулықты аналарға облыс әкімі атынан алқызыл раушан гүлдері ұсынылды.
Бүгінде Ақтөбе облысында 96 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Оның дені — еңбек ардагерлері.
Сондай-ақ қарттар күні қарсаңында өңір басшысы 101-ұлттық атқыштар бригадасының құрамында болған Ржев шайқасының көзі тірі жалғыз ардагері Сатылған Бекмағамбетовтің, қоғам қайраткері Зәкраддин Байдосовтың, мәдениет саласының ардагері Еркін Құрманбековтің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button