Жаңалықтар

30 делегат сайланды

Ақтөбеде Amanat партиясының облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия филиалдарының атқарушы хатшыларынан құралған 155 делегат қатысты.
Жиынды партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов ашты.
— Жүрегі елім деп соғатын әрбір азамат жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысуы керек. Осы орайда Amanat партиясы жаңа тұғырнаманың жобасын жасады, — дейді Ербол Данағұлов.
Саяси тұғырнама партия мүшелері, депутаттар, сарапшылар, зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер қатысып, бірлесе талқылаған пікірталастың нәтижесінде жасалды.
Жиында «Құрмет» бастауыш партия ұйымы төрайымы Нұргүл Әбішева, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының бас дәрігері Ерлан Тәтімов баяндамаларын оқыды.
— Құжатта ауыл тұрғындарының да тұрмыстық табысын арттыру мақсаты айқындалған. Бұл орайда партияның «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» жобалары жемісті іске асып жатқаны белгілі. Жалпы, «Жер аманаты» жобасы заңсыз жекешелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарумен айналысады. Соның нәтижесінде біздің өңірде 2 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, — дейді Ерлан Тәтімов.
Конференция барысында Amanat партиясының кезектен тыс ХXIV Съезіне біздің облыстан 30 делегат сайланды. Сондай-ақ партияның облыстық филиалының саяси кеңесінің құрамы анықталды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button