Құқық

Мобильді қызметтің жедел рәсімі

Өткен аптада облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары Сағынтқан Іздібаев пен облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Самал Нұғманова мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жайында баспасөз мәслихатын өткізді.

Осы жылдың 18 наурызында ел Үкіметі, «Ұлттық банк» және Қаржылық кадағалау агенттігі 2009-2010 жылдарға арналған экономикалық және қаржылық қызметті тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-шараларды жедел орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық комитеті және Қаржыгерлер ассоциациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Меморандумның мақсаты – халыққа қызмет көрсету орталықтарының шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыратын, ипотекалық және студенттік несиелендіру мен ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыратын екінші деңгейдегі банктерде терезелер ашу арқылы жылжымайтын мүліктің құқықты тіркеу рәсімін жеделдету.

С.Іздібаевтың айтуынша, бүгінгі күні қаладағы «Халық банк», «БТА  банк», «Альянс банк», «Каспий банк», «Казкоммерц банк» және «Еуразиялық банктерде»  мобильді халыққа қызмет  көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Бұл банктердің көпшілігі адам аяғы көп жүретін Әбілқайыр хан даңғылы бойынан таңдап алынған.

Бүгінгі күні бұл орталықтар арқылы 726 арыз қабылданып, заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 591 құжат беріліпті.

Банктер арқылы халыққа көрсетіліп жатқан мұндай қызметтің маңыздылығы өте зор. Бұл істі неғұрлым жеделдетеді. Қазір мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары  тұрғындардан несиені рәсімдеу және ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін қажетті құжаттарды екінші деңгейдегі банктер арқылы қабылдап жатыр. Дайын құжаттар пакеті банктер арқылы беріледі. Бұл жерде айта кететін бір жайт, әділет департаменті мен халыққа қызмет көрсету орталығы тарапынан құжаттарды қабылдау, қайта қарау ісінде ешқандай кідіріс жоқ. Банктер тарапынан іс баяу жүріп жатыр. Әзірге банктер бар болғаны 124 дайын пакетті ғана беріп үлгеріпті, – деді С.Іздібаев.

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары С.Нұғманованың айтуынша, қарапайым халық пен шағын және орта бизнес             өкілдеріне құжаттарды рәсімдеу ісінде қолайлы жағдай жасалды. Өйткені тұрғын қор бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу қызметінің мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 күнге дейін, ал тұрғын емес қор объектілеріне 15 күннен 7 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Әрі тиісті құжаттарды банктермен кепіл келісім-шарттарын  нотариалдық рәсімдеусіз қабылдауға мүмкіндік бар.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button