Басты жаңалықтарЭкономика

Бүгін Үкімет отырысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

Қазіргі таңда облыстағы белсенді бизнес субъектілерінің саны 75 мың бірлікті құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 17,7% – ке жетті. 

Өңірде Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында нақты шаралар қабылдануда. Оның ішінде «Қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» бағыты бойынша ағымдағы жылы 11,3 млрд.теңге бөлінді, 1944 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл көрсеткіш бойынша өткен жылдың және ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыс алдыңғы қатарда.

«Өз ісін ашу мен дамытуға жағдай жасау» бағыты бойынша кәсіпкерлерге сервистік қолдау, ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу көрсетіледі. Нәтижесінде 11 мыңнан астам қызмет көрсетілді, жылдық жоспар 130% – ға асыра орындалды.

43 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы орындалу көрсеткіші  81% – ті құрайды. Облыс әкімімен тиісті тапсырмалар беріліп, жыл соңына дейін жоспар орындалатын болады.

Ағымдағы жылдың 8 айында ішкі туризм саласында қызмет көрсетілген келушілер саны 21,9% – ға артып, 73,3 мың адамға жетті. «е–Qonaq» туристерді есепке алудың республикалық ақпараттық жүйесіне сәйкес келетін туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады. Сондықтан біз кәсіпкерлікті қолдау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», – деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button