Басты жаңалықтар

“Ұлы дала жорығы” марафонына қатысып жатқан ақтөбелік команда бәйгенің сегізінші күнінің қорытындысы бойынша көш басында келеді

“Ұлы дала жорығы” республикалық марафон бәйгесінің қатысушылары  марафонның ең қиын кезеңі – Бетпақдала шөлінен өтіп, 800 шақырымды жүріп өтті.

Сегізінші күннің қорытындысы бойынша ақтөбеліктер мәре сызығын жалпы уақыты 67 сағат 47 минутта кессе, маңғыстаулықтар  68 сағат 09 минут уақытпен екінші орында. Жалпы уақыты 70 сағат 15 минут болған Жетісу облысының командасы үшінші орынға ие болды.

Мәреге небәрі 400 шақырым қалды.

“Ұлы дала жорығы” жобасының төрешілерінің бірі Жанбатыр Бекмұсаев командалық есепте жеңімпаз атануға мүмкіндігі бар бірнеше команданы атады.

“Ақтөбе облысы үздік командалар қатарында.  Кешегі күнге дейін қатарында бес шабандозы болса, енді төрт қатысушысы қалды. Барлық қатысушылар марафонның бірінші жартысында ұпайлары бойынша да, жалпы жағдайлары бойынша да бірінші орында болды. Көшбасшылардан қалыспай келе жатқан Маңғыстау мен Жетісу облыстарының командаларын да ұмытпауымыз керек. Жамбыл облысының командасы рекорд орнатып, 100 шақырымды 7 сағатта бағындырды», – дейді Жанбатыр Бекмұсаев.

Бүгін, 26 қыркүйекте марафоншылар Бетпақдала шөлінде тоғызыншы кезеңнен өтті. Кешке қарай олар Түркістан облысының аумағына жақындайды да Созақ ауданының Ақсүмбе және Бақырлы ауылдарына барады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button