Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің жанашырлығы

Бүгін өткен жалпықалалық сенбілікке облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Ақтөбенің бизнес-қауымдастығы да үлес қосты.
Атап айтқанда, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұжымы, өңірлік кәсіпкерлер кеңесі, іскер әйелдер кеңесі, іскер әйелдер қауымдастығы мен дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығының мүшелері тазалық жұмыстарына белсене қатысты.
Оның ішінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері және бір топ кәсіпкерлер Табыс базары ауданындағы Едіге батыр ескерткіші орналасқан гүлзарда сенбілік өткізді.
Тазалық жұмыстары барысында кәсіпкерлер қоқыс пен шашылған жапырақтарды жинаумен шектелмей, гүлзардағы ағаштарды, бордюрлерді әктеп, бұталарды кесіп, отырғыштарды да жөнге келтірді.
– Бүгін қала бойынша көптеген ұжымдар , көптеген адамдар сенбілікке шықты. Айнала қоқыстан арылып, тап-таза болған сәттегі қуаныштың жөні бір бөлек. Сол қуанышты үнемі сезіну үшін, өзімізді, әсіресе жас ұрпақты айналаны бүлдірмеуге, кез-келген жерге қоқыс тастамауға тәрбиелеуіміз керек. Осындай шараларға міндетті түрде жастарды тартқан дұрыс, – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова.
Расында, кәсіпкерлер сенбілікке бірі баласын, бірі немересін ерте келіпті. Келесі сенбілікте олар өз учаскелеріндегі қурап қалған ш Өтеміс ыршалардың орнына жаңадан тал егетін болып келісті.

Индира Өтеміс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button