Басты жаңалықтар

«Тазалықтың басты ережесі – шашпау»

Ақтөбенің 11-шағын ауданына жалғас жатқан сулы-жасыл гүлзар бойы да сенбі күні көп қоқыстан тазарып қалды.

Әрлі-берлі өткен жандар балмұздақ пен сағыз оралған қағаз, темекі тұқылы, тәтті сусындар қалбыры сынды ұсақ-түйекті жол бойына бей-берекет шашып кете берген. Ағаштар арасы да арамшөптен таза болғанымен, қураған бұтақ сынығы, сарғайып түскен жапыраққа толыпты.

Бұл жерде тазалық жұмыстарын жүргізген еңбек ұжымдарының бірі – ҚР еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті. Департамент басшысының орынбасары Нонна Валиулова бастаған бір топ қызметкерлердің ертерек келіп іске кірісіп кеткені байқалады.
– Біздің ұжым әр маусымғы жалпыхалықтық сенбіліктерден ешқашан қалып көрген емес. Әрине, тазалық жұмыстарын жиі ұйымдастыру керек. Дегенмен, тазалықты сақтаудың басты ережесі – шашпау. Тұрған қалаңның көшесіне де, өз үйің, аулаң секілді қарап, титтей де бір қоқыс тастамауды үйренсек, қаламыз әрдайым жарқырап тұрар еді, – дейді Нонна Медхатқызы.
Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button