Жастар

Жатақхана жағдайын жастардың өздері тексерді

Облыстық волонтерлер кеңесі Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау мақсатында студенттермен кездесті. Арнайы штаб өңіріміздегі орта, арнаулы және жоғары оқу орнын аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізетін болады.

Іс-шараның мақсаты — қоғамдағы жастардың ой-пікірін білу. Жолдауда айтылғандай жастарға қолдау көрсету. Сондай-ақ студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуін қадағалау болып табылады.

— Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жатақханасы 350 адамға арналған. Жатақханада студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Кітапхана, оқу және қолөнер бөлмелерін пайдалануға толық мүмкіндік бар. Колледж жатақханасындағы тәртіпті төрт тәрбиеші қадағалайды. Сонымен қатар талантты білім алушыларымыз өз өнерін көрсететін көпшілік іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылып тұрады, — деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбарша Жиенқұлова.

Коллеждің белсенді оқушыларының бірі, мәдениет және саз бөлімінің білім алушысы — Ілияс Бақытұлы. Бала кезден өнерге құштар болып өскен дарынды жас колледждің 1-курсында оқиды.

— Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жатақханасын аралап, жұмыс барысымен таныстым. Жалпы жатақхана жұмысына көңілім толды. Оқу орнының оқушылары әрдайым белсенді. Облыстық волонтерлер кеңесінің төрағасы ретінде студенттермен жиі кездесулер ұйымдастырылатын боламын, — дейді облыстық волонтерлер кеңесінің төрағасы Нұрбек Жалғасбаев.

Басқосуда Жолдаудың бағыттары түсіндірілді. Оның ішінде жастарға жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулар туралы кеңінен баяндалды. Еріктілер өз қатарларына колледж жастарын шақырды.

Облыстық «Volonter.2020» Aqtobe орталығының басшысы Нұрбек Жәнібекұлының айтуынша, волонтер болу кез келген адамның қолынан келеді. Бастысы жүректе мейірім болса болғаны. Волонтерлік топтың қайырымдылық қоры арқылы 8 отбасы баспаналы болды.

  Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button