Білім

«Баланы жастан…»

№2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы шаралар кешені басталды.

«Адалдық сағаты» аясында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеп, адалдық пен жақсылыққа, қайырымдылыққа баулу мақсатында 9-класс оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Замана сынағы бізден мықты күш-жігерді және табанды, адал еңбекті талап етеді, сондықтан барлықтарыңызды білім алып, еліміздің адал патриоты болуға шақырмын, — деді мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Жанар Нағметқалиева.

Шараның арнайы қонағы Ақтөбе облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Айтуған Бауыржанұлы оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы түсінік беріп, адал жолмен еңбек етуге үндеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, дарынды жастарды қолдауға бағытталған жиындарға өз үлесін қосатынын жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында «Тарихи мұралар» үйірмесінің мүшелері, 6 «а» сынып оқушылары ақын Абрахман Асылбектің «Ұр, тоқпақ!» кітабына енген «Жемқорлыққа жол жоқ!» мысалынан көрініс көрсетті.  «Оқуға құштар» жобасы аясында мектеп кітапханасының меңгерушісі Баян Жұмағалиқызы «Жемқорлықсыз ел — гүлденген ел» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітапханашы оқушылардың бос уақытын ұтымды пайдала отырып, кітап оқуына өз кеңесін берді.

Рима МӘНДІБАЕВА,

Ақтөбе қаласы №2 жалпы орта білім беретін

мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button