Жаңалықтар

26 қарағай отырғызды

«Актобе, Дыши!» еріктілер тобы сәуір айынан бері Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірге Өтеген Сейітов көшесі бойындағы көпірдің аумағында қарағай отырғызып келеді. Кезекті көгалдандыру жұмыстарын облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өзі барып көрді.

Қозғалыс еріктісі Евгений Лазарчук облыс басшысына орман шаруашылығы аумағында 20 жылдық талдар бар екенін, оларды арнайы көлікпен көшіргендерін баяндады.

— Орман тәлімбағына көшеттер отырғызу керек болғандықтан, көпжылдық қарағайларды осында көшіріп жатырмыз. 5-шағын аудандағы көпірдің астымен жүретін айналма жолдағы көлік ағыны үзілмейтіндіктен ауаға зиянды газ мөлшерден көп бөлінеді. Сондықтан әкелген ағаштарды осында  отырғызуды жөн санадық, — дейді ол.

Облыс әкімі аумақты абаттандыруды, көпжылдық гүлдер егіп, оларды уақтылы күтіп, суарып отыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button