Жаңалықтар

Өсім көрсеткіші — 102,4 пайыз

Брифинг

Облыс экономикасының жалпы өңірлік өнімдегі негізгі үлесін, яғни 41,8 пайызын өнеркәсіп саласы құрайды. Бұл салада 1,1 мыңға жуық кәсіпорын бар және оларда 80 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Бұл жөнінде сейсенбі күні облыстың индустриялық-инновациялық даму жайы баяндалған баспасөз мәслихатында айтылды. Жиын өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп, оған облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов қатысты.

Басқарма басшысы биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша облыс өнеркәсібінде өсім бар екенін айтты. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1 899,2 миллиард теңгені құрады, яғни 102,4 пайыз өсім тіркелді. Соның ішінде тау-кен өндіру саласының өсімкөрсеткіші —  102,5 пайыз, ал өңдеу өнеркәсібінде бұл көрсеткіш — 102 пайыз. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша да өсім көрсеткіші сақталады деп күтіліп отыр.

Қазір облыста 622 кен орны жұмыс істейді. Биылғы сегіз айдаоблыс экономикасына 502,7 миллиард теңге инвестиция тартылған, оның 76 пайызы немесе 379,8 миллиард теңге — ішкі инвестициялар да, ал сыртқы инвестициялардың көлемі 122,9 миллиард теңге болып отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемінің өсімі 103,4 пайыз болды. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялардыңөсімі 106,3 пайызды құраған.

Биыл туризм және сауда, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы, құрылыс және басқа да салаларда жалпы құны 90,6 миллиард теңге болатын 30 жоба іске асады деп жоспарланған. Оның ішінде екі жоба шетелдіктердің қатысумен жүзеге аспақ.

Барлық 30 жобаны іске асыру барысында 1,1 мың жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр. Мұның ішінде негізгі жобалар — «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-ның бұрғылау қондырғыларын өндіру зауыты;«Айс-плюс» ЖШС-ның сүзбе өндіру цехы; «ТехноСкаут» ЖШС-ның биологиялық ыдырайтын пакеттер өндіру зауыты; «А-Текстиль» ЖШС-ның тігін фабрикасын кеңейту; «РамаданФарм» ЖШС-ның дәрілік заттар өндіру зауыты, т.б.

Бүгінге дейін12 жоба іске асып, 456 жұмыс орны құрылған.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button