Жаңалықтар

Жағабұлақта спорт кешені ашылды

Бәрекелді

Мұғалжар ауданына қарасты Жағабұлақ ауылында құрылысы былтыр басталған ангар типті спорт кешені пайдалануға берілді.   

Жаңадан ашылған спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов ауыл тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынған спорт кешенінің ашылуымен құттықтады. Одан соң театрландырылған көрініс көрсетілді.

Жалпы алаңы 1117 шаршы метр болатын спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған үйірмелер ұйымдастырылмақ.

Ашылу салтанатынан соң аудандық VII Халық ойындары спартакиадасы  ұйымдастырылып, оған қалалық және ауылдық округтерден 15 команда қатысты. Спорттың қазақ күресі, футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі, гір көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен сынға түсетін командалар жүлделі орындарға таласты. Қорытынды командалық есепте Қандыағаш қаласының командасы жеңімпаз атанды. ІІ орынды Ембі қаласының командасы, ІІІ орынды Батпақкөл ауылдық округінің командасы иеленді.

Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар кубоктармен, медальдармен және арнайы дипломдармен марапатталды

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button