Пікір

Қазақстан тиімді және заманауи саяси модельге көшті

Сапарғали ДОСЖАНОВ,

ауыл шаруашылығы саласының ардагері

Елімізде болып жатқан әр жаңашыл бастаманы ой елегінен өткізіп  отырамын. Бүгінгі қоғамнан әділдікті, адал еңбекті бағалайтын билік өкілдерін көбірек көргім келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Жолдауында ел мұратын еселер бастамалар көтерілді. Әр Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделген тапсырмалар берілетініне бойымыз үйреніп қалып еді, соңғысы маған басқаша әсер етті. Президентті 7 жылдық бір мерзіммен сайлау қоғам үшін өзекті деп ойлаймын. Бұл мерзім — кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті уақыт. Мемлекет басшысының осы мерзім ішіндемемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу реформаларын теңестіруге толық мүмкіндігі бар. Сөйтіп, билікті жаңаша жасақтаудың және оның қызметін қамтамасыз етудің өркениетті қағидаттарын бекітуге жол ашуға болады.

Президенттің осы бастамасын қоғам талқылап, заң қабылданды. Осы өзгерістің арқасында ұлтты ұйыстыратын, әл-ауқатын арттыратын, бірлігін бекемдейтін биліктің жаңаша жүйесі қалыптасады деп ойлаймын.

 Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button