Пікір

Демократиялық жаңалық

Еламан ИТЕҒҰЛОВ,

облыстық мәслихат депутаты

Күздің алғашқы күнінде Президентіміздің жариялаған Жолдауы күтпеген жаңалықтарға толы болды. Мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін қысқартып, кезектен тыс сайлау өтетінін айтып, Президент  мандатын жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған болатын.

Біріншіден, Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл — саяси монополияның алдын алу үшін жасалған батыл қадам. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында елде суперпрезиденттік жүйе қалыптасты. Жаз айында өткен конституциялық реформаның негізінде классикалық президенттік жүйеге өтуге алғашқы қадам жасалды. Осы бастама реформаның жалғасы болып табылады.

Екіншіден, жеті жыл —қандай да бір реформаны бастап, түпкілікті нәтижелі аяқтауға толығымен жететін уақыт. БұлТМД елдерінде бұрын-соңды болмаған қадам екенін де естен шығармағанымыз абзал.

Қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан осындай бастаманы мен құптаймын және қолдаймын.

Дәл қазіргідей алмағайып кезеңде, елде ауқымды саяси-экономикалық өзгерістер енді қолға алынып жатқан шақта тұрақтылық ауадай қажет. Ал Президенттің бір мерзімге ғана сайлануы, қайта сайлану құқығының болмауы —демократиялық жаңалықтың бастауы.

Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларды іске асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» — деп, «Жаңа Қазақстан» жаңа өзгерістермен басталуға тиіс екендігін түсіндіріп кетті.

Келесі билікке келген адам Жаңа Қазақстанды көркейтіп, мемлекетіміздің қарқынды дамуына жол ашады деген ойдамын.

Біз тәуелсіздігімізді сақтай отырып, осындай нақты қадамдармен алға жылжитын болсақ, еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын бола бермек!

Басқа жаңалықтар

Back to top button