Пікір

Басты құндылық — ел бірлігі

Ақнұр ТІЛЕУҚАБЫЛ,

Ырғыз аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.

Президент Жолдауы — ел өміріндегі елеулі оқиға. Күз басындағы Жолдауда айтылған бірқатар маңызды мәселелер қатарындағы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту бойынша белгіленген реформалар мен енгізілетін өзгерістер орынды деп санаймын.

Сонымен қатар кезектен тыс сайлау өткізу және Президенттің басқару өкілеттілігін 7 жыл мерзімге ауыстыру жайлы да айтылды. Бұл көңілге қонымды бастама деп ойлаймын.

Ендігі кезекте бұл тұжырымдамалардың жүзеге асуына біздер, жастар қауымы, жалпы халық болып атсалысуымыз керек. Еліміздің егемендігі мен ертеңін ойласақ, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», аянбай еңбек ету қажет екендігін айтқым келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button