Жастар

Қайырым мен мейірім

Жұма күні Ақтөбе қаласында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «ProAktiv» волонтерлік жобасының басқосуы өтті.  Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары, студенттер, «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері қатысты.

Жоба барысында «Жүректен – жүрекке» еріктілер тобының мүшесі Әлішер Садық пен «Ақтөбе волонтерлар лигасы» волонтерлық қозғалысының үйлестірушісі Нарқозы Қартжан сөз сөйледі. Спикерлер белсенді жастарға волонтерлік қағидаттарын үйретіп, оның қоғамдағы маңыздылығын түсіндірді.

—Осы жазда облыстықтөтенше жағдайлар департаментімен суға түсу аумақтары мен жағажайларда қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік. Одан бөлек, «Tartyl fest»спорттық фестивалін ұйымдастырдық, Қостанайдағы оқиғаға да барынша көмектестік. Қазір сабақтың басталуына орай жұмыстар бәсеңдеді. Дегенмен балалар өздерінің қызығушылығына байланыстыкөпшілік шараларға атсалысып жүр. Мысалы, Қазақстан футбол федерациясының премьер-лигасының ойындарында әрі Өнер орталығында өтіп жатқан концерттерде билет тексеруге көмектесіп жүр, – дейді «Ақтөбе волонтерлар лигасы» волонтерлық қозғалысының үйлестірушісі Нарқозы Қартжан.

Айта кетейік, қаламызда 200-ге жуық ерікті бар. Жоба алдағы уақытта ерікті санын көбейтіп, өз үлесін қоспақ. Шараға қатысқан 50-ге жуық жасқа жоба соңында сертификат берілді.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button