Ауыл

Бірліктегі сайда өткел орнатылды

Аудан әкімімен болған бір кездесуде Бірлік ауылының тұрғындарыауылдың
кіреберісіндегі сайға өткел салып беру туралы ұсыныс айтқан болатын.

Себебі жыл сайын көктем мезгілінде өзен суы арнасынан тасығанда ауылға көлікпен кіріп-шығу қиындық туғызады.
Бұл мәселені шешу мақсатында аудан әкімі елдегі кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде демеушілік қолдаумен өткел салынды.
Өткелді орнату мақсатында Қандыағаш қаласынан қажетті блоктар, Жем қаласынан арнайы плиталар алынып, «Мәлік» ЖШС техникаларының көмегімен ауылдың өрт сөндіру бекеті жұмысшыларытиісті жұмыстар жүргізді.
Орнатылған өткел жеңіл автокөліктердің өтуіне арналған. Өткел маңына ауыр жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынатын белгі қойылады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button