Жаңалықтар

Ержан Байтанаев Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ержан Байтанаев Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Ержан Халиұлы Байтанаев 1983 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. 4 жоғары білімі бар – қазақ тілі мен әдебиеті филологы, мемлекеттік басқару маманы, заң ғылымдарының магистрі. 2016 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Құқық және ұлттық қауіпсіздік институтын үздік бітіріп, ғылыми жұмысын қорғады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

Е.Байтанаев идеологиялық блокқа, ішкі және жастар саясаты, жұртшылықпен және ҮЕҰ-мен байланыс, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен, радио, телеарналармен өзара іс-қимыл мәселелеріне жауап береді.

Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметі туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс істейді.

Сондай–ақ облыстық құрылымдық бөлімшелерден өңірлік коммуникациялар қызметінің, «Ақтөбе Медиа» ЖШС, «Aqtobe» телеарнасының, облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығының жұмыстарына жетекшілік етеді.

Еңбек жолын өңірлік және республикалық БАҚ-тарда бастаған.

2004-2007 жж. Жамбыл облысы және Астана қаласы бойынша «КТК» телеарнасының құқықтық бағдарламалар редакциясының редакторы, меншікті тілшісі болды.

2008 – 2013 жж. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі кедендік бақылау Комитетінің ресми өкілі – баспасөз қызметінің бастығы болды.

2013 – 2014 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ресми өкілі – баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

2014 – 2016 жж. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясының Құқық және ұлттық қауіпсіздік институтының   тыңдаушысы.

2016 – 2017 жж. Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы – министрдің баспасөз хатшысы.

2017 – 2018 жж. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы.

2018 – 2019 жж. «ҚТЖ» ҰК АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының баспасөз хатшысы.

08.11.2019 – 13.09.2022 жж. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің ресми өкілі – жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы.

03.03.2020 – 13.09.2022 жж. ҚР Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button