Басты жаңалықтарЭкономика

Ядролық медицина орталығы салынады ма?

Инвестиция

Облыс әкімі ЕралыТоғжанов «OrhunMedical» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.Қонақтарға өңірдің денсаулық сақтау саласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласындағы ядролық медицина және томотерапия орталығымен бірге «ОrhunМedical» көпсалалы клиникасының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға, сондай-ақ еліміздің батыс өңірінде  екі позитронды-эмиссиялық томографияорталығын, сонымен қатар бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны ашуға қатысты мәселелер талқыланды.

Жобаны «OrhunMedical»басқарма төрағасы Гоненч Дырык таныстырды. Инвестиция көлемі — 50 млн доллар.

Ядролық медицина орталығында айына 12 мың ОФЭКТ/КТ зерттеулері жүргізіледі, Ақтау және Атырау қалаларында жыл сайын 9 мың зерттеу жүргізілетін болады.

— Бұл — өте маңызды жоба, соның арқасында батыс өңірінің тұрғындары жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Біз оны жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Кадр мәселесін медицина университеті шешеді, бұл оқу орнында мамандарды даярлау бойынша база ашуға болады, — деген облыс әкімібасшыларға инвесторларға қажетті қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button