Ауыл

Балалар ойын алаңы ашылды

Балалар жылы аясында Темір ауданында ойын алаңы ашылды. Мұнда кішкентайлардан бастап жасөспірімдерге дейін бос уақытын тиімді өткізе алады.

Су жаңа демалыс орнында әткеншек, сырғанақтан бастап жеткіншектердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Үлкендерге арналған орындықтар да қойылыпты. Жан-жағы қоршалған балалар ойын алаңында қоқыс салатын жәшіктер бар.

Ойын алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев жыл басынан бері ұл-қыздарға арналған бұқаралық іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылып жатқанын,  осы алаң да соның бір көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ мәдени-спорттық бағдарламалардың жыл соңына дейін жалғасатынын қосты.

Балалар алаңының құрылысын «Нұрсәт Құрылыс Групп» ЖШС жүргізді.

Алау АЙБЕК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button