Құқық

Нашақорлық — ұлт тамырына балта шабу

Есірткінің заңсыз айналымы — бүгінгі күннің күрделі мәселесінің бірі. Соңғы кездері осыған байланысты қылмыстардың алдындағы кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға төмендегенін көреміз.

Есепті мерзім ішінде 1 келі 087,39 грамм есірткі заттар тәркіленсе, оның 36,98 грамы — марихуана, 1050,41 грамы гашиш есірткісі.

Қылмысты тергеу орындарының өндірісінде өткен жылы 15 іс қаралды. Биыл 7 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде сотқа жеткені — 3 іс.

Нашақорлық жегі құрттай қоғамның өзегіне түсіп, оның соңына түскен адамды құртады.

Ол есірткі пайдаланушы адамның адамгершілігін, жүйкесін, ерік-жігерін қояды, ол достарын, отбасын жоғалтады, мамандық ала алмайды немесе бұрын шұғылданған кәсібін ұмытады, жұмыссыз қалады, қылмыстық ортаға тартылады, өзіне және қоршаған ортасына қайғы әкеледі.

Адам есірткіні бір-ақ рет тұтынса да ол адам өліміне әкеліп соғады. Олар мида өзгерістер тудырып, бірнеше күннен соң немесе бірнеше айдан кейін психикалық ауытқулар мен суицидке әкеп соғады. Есірткі тәуелділікті туғызады.

Есірткіні қабылдағысы келетін сезімді жеңе алмау, мөлшерді ұдайы көбейту қажеттілігі, есірткіні қабылдамаған жағдайда жетіспеушіліктер пайда болуы, қоршаған ортаға (мектеп өміріне, отбасына, достары мен құрбыларына) қызығушылық танытудың төмендеуі және есірткінің айқын зияны бар екенін біле тұра есірткі қабылдауды жалғастыру, міне, осының бәрі — дауасыз дерт көріністері.

Сонымен қатар есірткі пайдалану қылмыстар жасауға итермелейді. Нашақор жан әлеуметтік селқостыққа ұрынып, ВИЧ/СПИД және С гепатиті ауруына ұшырайды.

Міне, осындай зардаптарға байланысты нашақорлыққа қарсы күрес күн

тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болуы тиіс.

Ең бастысы, нашақорлық проблемасына немқұрайды қарамау керек.

Ләззат ШАНОВА,

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Ақтөбе көлік аумағының аға прокуроры

кіші әділет кеңесшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button