Пікір

«Өзге тілдің бәрін біл…»

Ағайша МУРСАЛИЕВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті филология факультетінің ағылшын және неміс тілдері кафедрасының аға оқытушысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңбұл жолғы Жолдауында көтерілген мәселелер алдағы уақытта еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына оң және нәтижелі өзгерістер әкелетініне сенімім мол.

Жолдауда жастардың болашаққа нық сеніммен қарауына және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болуына үлкен назар аударылған. Әсіресебілім сапасы бойынша айтылған мәселелер қоғамда өзекті.

«Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды»,  — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасының аға оқытушысы ретінде ана тілімізбен қатар ағылшын тілін меңгерсек, ұтпасақ, ұтылмайтынымызды білемін. Президентіміз Жолдауда қоғамдағы қазақ және орыс тілін оқыту мәселесіне қатысты да өз пікірін білдірді:  «Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды  тәрбиелеуіміз қажет. Себебі бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз — жастардың білімінде».

Бірнеше тілді меңгерген адам білімді, мәдениеті жоғары, өзіне сенімді болады. Тек өз ана тілін құрметтеп, бірінші орынға қоюды ұмытпауы керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button