Тарих

Қазыбектегі алғашқы жәрмеңке

Батыс пен Шығыстың сауда қарым-қатынасын тұрақты байланыстырып отырған, Жібек жолының бойында орналасқан Ойыл өңірінің тарихы терең, орны ерекше болатын.

Бұғансебеп кезінде далада айырбас сауданың дамуына ықпал еткен Әбілқайырханның, Бөкей ордасында тұрақты сауда қатарларының қалыптасуын ұйымдастырған Жәңгір ханның саясаты еді. ХІХ ғасырдың ортасынан кейінорыс пен татар көпестерінің саудасы, Хиуа, Бұхара саудагерлерінен асып, жандана түсті.Осы кезде Жайық жағасынан Омбыға дейін бекіністер салынып, жәрмеңкелер ашыла бастады.1866 жылы Орал қаласы саудагерлерінің сұрауы бойынша, генерал-майор Романовский Калмыковтан 190 шақырым жердегі Қазыбек шатқалында, Ойыл өзенінің жағасында жәрмеңке ашу туралы мәселе көтерді. Осыған байланысты ол Орынбор генерал-губернаторына өтініш жолдады.Генерал-губернатор өзінің 1866 жылдың 29 қыркүйегіндегі №7181 шешімімен өтінішті қолдап, ішкі істер министрі, статс-кеңесші Валуевке осы Ойыл жәрмеңкесінің Ережелерін дайындағанын ескертеді. Ережелер 1867 жылы «Уральские войсковые ведомости»  газетініңекінші нөмірінде жарияланады. Бірінші Ойыл жәрмеңкесінде қандай және қанша тауар сатылғаны, қайжақтан қанша саудагер болғаны, жәрмеңкенің кірісі мен шығысы туралы толық мәлімет «Уральские войсковые ведомости» газетінің 1868 жылғы 4-санында  жарияланған. Соның ішіндегі деректерге қарасақ, сырттан келген саудагерлердің 70 пайызы Қазан губерниясынан екен және олар осы жәрмеңкеде 5мыңнан астам қой, 800 ірі қара терісін, 5,5 мың қой терісін, 50 пұт түйе жүнін сатып алған. «Сатуға айдап әкелінген мал арасында ауруға шалдыққаны болмаған» — депті арнайы жәрмеңкеге бекітілген мал дәрігері. Ал тәртіп орнату үшін шақырылған атты казактар командасының басшысы, хорунжий Ранневтің жазбасында жәрмеңкеніңалда өзеннің жоғары жағына қарай 15 шақырым жерге көшірілетіні айтылған. Оның себебін маңындағы өткелдің ыңғайсыздығыменайнала орналасқан адай руы қонысының жайылымына кедергі келтіретіндігімен дәлелдейді.

Күзгі жәрмеңкенің ашылу уақыты қыстауға көшу уақытымен тұспа-тұс келетіндігін ескере отыра, комитет оны 15қыркүйекке ауыстырады. Ранневтің мәлімдемесі бойынша, жергілікті тұрғындар ашылған жәрмеңкеге ризашылығын білдіріп, кәсіпкерлер қолдан тас соғып, келесі жәрмеңкеге дейін кішігірім ғимараттар тұрғызуға кіріскен.                                                                                                                                                                                     Қазыбек шатқалы атануы шеркеш руынан шыққан Қазыбек бидің мекені болғандығынан екен. Қазыбек Жабайұлы 1760 жылы қазіргі Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында дүниеге келген. Өзінің әділдігіменел есінде қалған. 1824 жылы 64 жасында дүниеден өтіпті. Бейіті — қазіргі Миялы селосынан 7-8 шақырым жердегі Қазыбек қауымында. Кезінде бұл елді мекен Қазыбек болысы аталып, кейін ауылдық кеңесі болған. Ойылдың сол жағалауында Қазыбек тоғайы да бар. Қазір ол жұртшылықтың демалыс орнына айналған.

Нұрлан ЖҰМАҒАЛИЕВ,

өлкетанушы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button