Жастар

Болашақтың іргесін жастар қалайды

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Биыл ғасырлық тойын тойлағалы отырған колледждің жаңадан салынған мәдени-спорт орталығында өткен кездесуде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин Мемлекет басшысының қыркүйекте жолдаған Жолдауының басым бағыттарына тоқталды:

  • Жолдаудағы негізгі бағдарлардың бірі — «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция». Осы бағдарда ұлттың денсаулығы, білімнің сапасы, зейнетақы, жалақы жағдайы, жастарды жұмыспен қамту мәселесі қамтылған. Осы тұста Президентіміз «Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және  еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек» деп атап өтті. Меніңше, кәсіби маман жұмыссыз қалмайды. Сондықтан не нәрсені де кәсіби түрде меңгеріп, бәсекеге қабілетті маман болу керек. Болашақтың іргесін жастар қалайды, — дейді Ахат Мырзалин. Одан әрі ол бірнеше тілді білу көп мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбарша Жиенқұлованың айтуынша, биыл қазан айындаоқу орны 100 жылдығын атап өтеді. Дәл қазіргі сәтте колледжде 1534 оқушы білім алып жүр.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button