Жаңалықтар

Бақылау босаңсып тұр

Сұйытылған газ

Соңғы уақытта сұйытылған газ жетіспеушілігі біраз автокөлік жүргізушісін әбігерге салды. Аталған мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев төмендегідей түсінік берді:

— Қазіргі уақытта өңірдің сұйытылған мұнай газына қажеттілігі — 13 500 тонна. Бірақ қыркүйек айында бізге қажетті газ қоры толық бөлінген жоқ. Тек 10 530 тоннасы жетті. Себебі аталған газ түрін өндіретін зауыттарда — «Атырау мұнай өндеу зауыты» серіктестігі және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның әсерінен ішкі нарықта тапшылық байқалды.

Енді жетіспеушіліктіжою үшін «ҚазақОйл Ақтөбе» серіктестігінен қосымша 355 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Сонымен қатар облысқаосы айда қосымша 620 тонна сұйытылған мұнай газы «Теңізшевройл» серіктестігі арқылы әкелінетін болады. Бұл мәселе басқарманың тұрақты бақылауында, — деді ол.

 Айәли АЙБЕК. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button