Пікір

Қолдау кемімейді

Нұрбек ЖАЛҒАСБАЕВ,

облыстық  «Volonter.2020»

Aqtobe орталығының басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтың басты әл-ауқатын арттыру мақсатында тиісті бағыт-бағдарлар айқындалады.  Мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады», — деген сөздері маған жігер берді.Жолдауда әр сала бойынша нақты жұмыстар жасалатыны анық айтылды. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету — мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас жұмыспен қамтылады. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі. Оларға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатынжеңілдетілгеннесие беріледі. Оған қоса 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отырады. Кейін оны үй алуға, оқуға жұмсай алады. Бұл — өте қуантарлық жоба.

Басқа жаңалықтар

Back to top button