Жаңалықтар

Депутаттармен кездесті

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Парламент Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова және Гүлдара Нұрымовамен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында өңірлерде жүзеге асырылатын «Ауыл Аманаты» жобасының негізгі бағыттары талқыланды.

Ауыл шаруашылығын дамыту ел Президенті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында алдымызға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі. Біз азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірісті ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосымша құнын арттыру жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Жоба өзінің тиімділігін көрсетіп, өңір тұрғындарына өз әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деді өңір басшысы.

Депутаттар «Ауыл Аманаты» жобасын жүзеге асырудағы негізгі тәсілдеріне тоқталды: ендігі жерде ауыл тұрғындары өз бизнестерін дамытуға жеңілдетілген несие алып, техниканы лизингке рәсімдей алады, несиені әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары арқылы да рәсімдеуге мүмкіндігі болады, ауыл тұрғындарына қандай кәсіппен айналысса да шектеу қойылмайды, яғни қаражатты тек мал ұстауға, дақылдар өсіруге немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдеуге ғана емес, сонымен қатар наубайхананы, кондитерлік дүкенді және т.б. іске қосуға да алуға болады;

Жоба 2023-2025 жылдар арасында барлық өңірлерде жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда мобильді топтар ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өңір басшысы жауапты тұлғаларға кездесу соңында жобаны жүзеге асыратын пилоттық ауылдарды іріктеу, халыққа жобаны жүзеге асырудағы негізгі шарттар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру форматын түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button