Жаңалықтар

Жәрдемақы төлеу мерзімі ұзарады

Жолдау: ел пікірі

«Анаға тағзым» рухани адамгершілік тәрбие беру орталығындаел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай Қазақстан халқы Асссамблеясы облыстық хатшылығының жанындағы аналар кеңесінің отырысы өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен қоғамдық келісім мекемесі ұйымдастырған шараға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова және барлық аудандағы аналар кеңесінің басшылары, Ақтөбедегі белсенді, кәсіпкер, ардагер аналар қатысты.

Шараға арнайы қатысқан Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа ШанайМемлекет басшысының  Жолдауында жақсы бастамалар көтерілгенін жеткізді.

  • Жолдауда ұлт саулығы, білім сапасы, сәби күтімі, әлеуметтік жәрдемақылар секілді мәселелер көтерілді. Мәселен, елді мекендерде емдеу мекемелерін көбейтетіні, мектепке дейінгі тәрбие жұмысына назар аударылғаны, 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатыны көңіл қуантты. Әсіресе ел Президентінің 2023 жылдан бастап бала күтімі үшін төленетін жәрдемақының мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартатыны оң шешім болды. Балаларсәби кезінде ата-аналарының жанында көбірек болуы маңызды, — дейді Нәзипа Шанай.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваның айтуынша, елімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау бағытында көмектің бірнеше түрі көрсетіледі.

Бүгінде облыста 99762 бала тәрбиелеп отырған22839 көпбалалы отбасы бар. Оларға осы жылдың өткен 8 айындабарлығы 10 800,6миллион теңге көлемінде мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді. Жолдаудакөтерілген мәселелердің бірі — бала күтімі үшін жәрдемақы төлеу мерзімінің ұлғаюы. Бұл жаңалық қоғамда оң қолдауға ие. Биыл 1 қыркүйекте 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін 19444  ана жәрдемақы алса, келесі жылдың басынан бұл мүмкіндікке 20 мыңнан астам ана ие болады.Өңірде әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы аналарды қолдау бағытындағы шаралар жалғасын табады, — дейді Бибігүл Бисенғалиева.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button