Спорт

Жас футболшылардың жеңісі

Футбол

 «Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралған жас футболшыларға медальдар табыстады», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

11 жастағы ер балалар арасындағы Қазақстан чемпионатының футболдан жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «Ақтөбе» және «Қызыл-Жар» футбол командалары арасындағы матч барысында өтті. Матч 1:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді.

Өңір басшысы Қазақстан чемпионаты жеңімпазы атанған футболдан облыстық олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшыларына медальдар мен кубок табыс етті. 18 жасөспіріммен бірге олардың жаттықтырушылары Самат Күздібаев пен Әли Тайғарин де алтын медальмен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button