Басты жаңалықтар

Берекелі жылдың берері мол

Егін орағы-2022

Астық жинау науқанының барысы мен суармалы жерлерді игеру мәселесі қаралған жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Жиынға бірқатар мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының басшылары қатысты. Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетовтің айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 717,9 мың гектар болса, оның ішінде 367,8 мың гектарына дәнді дақылдар егілген.

Бүгінде 188 мың гектар(51,1 пайыз) егін орылды. Әр гектардан орта есеппен 15 центнерден өнім алынса, 282,4 мың тонна астық жиналды.

Ауа райы жаңбырсыз болған жағдайда егін жинау жұмыстары ыркүйектің үшінші онкүндігінде аяқталады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Күзгі астық жинау жұмыстары кезеңіне 11 мың тонна қажет. Бүгінде шаруаларға 6,7 мың тонна (немесе жалпы көлемнің 61 пайызы) жіберілді.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизельдік отынның уақтылы және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Суармалы жерлердің игерілуіде ерекше бақылауда. Облыс бойынша суармалы жерлердің жалпы аумағы— 30,2 мың гектар. Өңір басшысы Қарғалы және Хромтау аудандарындағы республикалық бюджет есебінен қалпына келтірілген жалпы аумағы 1693 гектар болатын суармалы жерлердің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан бөлек облыс әкімі жайылымдарды суландыру үшін бұрғылау және барлау жұмыстарын қажет ететін шаруа қожалықтарын анықтап, қаржыландырылуын қарастыруды, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өнімді өткізуде қолдау көрсетуді тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы—маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы—азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Бүгін жиналыста талқыланған мәселелер үнемі қатаң бақылауда болу керек»,— деді Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button