Ауыл

Жолдар жөнделіп, газ тартылып жатыр

Мәртөк ауданында бірқатар әлеуметтік-экономикалық жүзеге асырылуда.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту.

Мәселен, Жайсаңда ауылішілік жолдарын жөндеу, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Достық ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл мұнда 6 шақырым жол жөнделеді.

Мемлекеттік бағдарламалар алыс орналасқан елдімекендерге шарапатын тигізіп келеді. Қазіргі уақытта Қаратаусай ауылына газ жүргізу жұмыстары басталып кетті.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қаратоғай ауылының көшелері жарықтандырылып, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Қаратоғай ауылында 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы басталған.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button