Әлеумет

926 баланы мектепке дайындады

Мектепке жол

Ақтөбе өңірінің мешіттері мыңға жуық баланы жаңа оқу жылына әзірледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы бойынша, «Зекет және қайырымдылық» қорының біздің облыстағы өкілдігі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Оған «Уақып» қоры басқармасының төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы, облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы қатысып, 926 оқушыға сөмке мен мектеп құралдарын табыстады.

Жаңа оқу жылының қарсаңына орай ұйымдастырылған бұл дәстүрлі игі шараға облыстағы көптеген мешіттер өз үлесін қосты. Мақсат—әлеуметтік аз қамтылған,мүмкіндігі шектеулі,т.б санаттағы оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

Облыстың бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы жиында сөйлеген сөзінде заманға сай білім алу, білім арқылы қатарының алды болуға ұмтылу — исламда ең сауапты істердің бірі саналатынын айта келіп, жас ұрпақты лайықты білім алуға үндеді, сондай-аққайырымдылық акциясына атсалысқан жомарт жандарға ризашылығын жеткізді.

Ата-аналар да сөз алып, мешіттер тарапынан ұйымдастырылған көмекке алғыс жаудырды. Қайырымдылық акциясының аясында 7,77 миллион теңгенің заты табысталды.

А.ТАЖИКОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button