Жаңалықтар

Ақтөбе облысы аумағында тұрғындардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жөнінде

Биологиялық қауіпсіздік әлемдік қауымдастықтың маңызды проблемасы болып табылады. Оның өзектілігі қазіргі  әлемдегі жаhандық сипат алып отырған адамзаттың табиғатқа одан әрі енуінен жаңадан пайда болған және «ұмытылған» аса қауіпті инфекциялық аурулар мен оның қоздырғыштарынан төнетін қауіп-қатермен сипатталады.

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидемиолог мамандары жүргізетін эпидемияға қарсы жұмыстар: жұқпалы аурулардың алдын алу, аумақтарда табиғи ошақтары бар жұқпалы аурулардың өршуіне, шетелден әкелінуіне/енуіне және жұқпалы аурулардың одан әрі қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, балабақшаларда, мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау, халықты сумен қамтамасыз ету объектілерінде және басқа да ұйымдасқан топтарда кең таралуын болдырмау биологиялық қауіпсіздікке кіретін іс-шаралардың бір бөлігі.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жұқпалы аурулармен күресуге бағытталған және жұқпалы аурулардың алғашқы диагностикалау, ошақты шектеу, ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу, науқастарды ауруханаға жатқызу, вакцинациялау, бактерия тасымалдаушыларды бақылау және емдеу, ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізу кезеңдерінде жүзеге асырылады.

Тұрғындарды салауатты өмір салты ережелеріне гигиеналық тәрбиелеу мен  үйретуде инфекциялық аурулардың алдын алуда маңызды роль атқарады.

Осы іс-шаралардың барлығы лауазымды тұлғаларға (эпидемиологтарға) Қазақстан Республикасының заңнамасымен (Кәсіпкерлік кодексі, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі және т.б.) жүктелген бақылау-қадағалау функциялары негізінде жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысының аумағы аса қауіпті инфекциялар қатарына жататын оба және туляремия індеттерінің табиғи эндемиялық аумағы болып табылады, сондай-ақ сібір жарасынан өлген мал көмінділері эпидемиологтардың жіті бақылауында.

Обаның 139,0 мың км2  және туляремияның 116,200 мың кмтабиғи ошақтары облыстың 5 ауданының аумағында орналасқан.

Сондықтан  эпидемиолог дәрігерлерінің басты міндеттірінің бірі халық арасында жұқпалы аурулардың кең таралуының алдын алуға,  пайда болған жағдайда  уақытында жоюға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру болып табылады.

Осы міндетті жүзеге асыру үшін департамент  жоғары білікті  эпидемиолог, вирусолог, бактериолог мамандарымен, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген.

Эпидемиолог мамандардың  жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған күнделікті жұмыстары – аумақтағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізу және жұқпалы аурулар ошақтарында ауру көзін және берілу жолдарын анықтау арқылы одан әрі ошақты жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеп, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру, қоршаған орта объектілеріне тұрақты мониторинг жүргізу, эпидемиологиялық қолайсыз аумақтарда аса қауіпті инфекциялар мен оба қоздырғыштарының айналымына зерттеу жүргізу, белсенді сібір жарасы инфекциялық ауруының ошақтарын, жанасуда болған адамдар мен жануарлардың вакцинациялауын бақылау, кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы дератизация және дезинсекциялау шаралары жүргізілуін қаматамсыз етуден тұрады.

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, оның ішінде эндемиялық аумақтарда туляремияның жаппай таралуына жол бермеу үшін  елді мекендердің айналасына тосқауыл жасау мақсатында жыл сайын зиянкестермен күресу және дератизациялау іс-шараларын ұйымдастырады және оның тиімділігін қадағалайды.

Оба, сібір жарасы және туляремияның алдын алу мақсатында осы жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары аумағында тұратын халықты вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізуге бақылау жүзеге асырады.

Облыс тұрғындарының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, обаға қарсы станциямен мамандарымен бірлесе, сондай-ақ жергілікті атқарушы билік органдары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы,  ішкі істер, ветеринариялық қызмет органдарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Білікті кадрлық потенциал, эпидемиолог мамандардың ұрпақ сабақтастығы халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүктелген мемлекеттік міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Сербаев Мұхтар Үбайтжанұлы,  департамент басшысының орынбасары,

жоғарғы санатты дәрігер- эпидемиолог.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button