Жаңалықтар

Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Брифинг

КВИ бойынша ағымдағы жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Соңғы аптада аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,7 есеге төмендеген.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова және денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева  эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.

Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 202-ден 113 жағдайға дейін азайды.  Бір аптада өңірімізде 4 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде ауру симптомдары бар — 3 (Ақтөбе қаласы 1, Алға ауданы 1, Мұғалжар ауданы 1), симптомсыз 5 (Мұғалжар ауданы 2, Ойыл — 1) адам тіркелді. Жыл басынан 10 532 адамнан ауру симптомдары анықталды.

Үй карантиніне 134 адам алынды. Барлығына медициналық бақылау жүргізілуде. Облыс тұрғындарының  84,7 пайызы  КВИ-ға қарсы вакцинаның 1-ші компонентімен, 82,7 пайызы 2-ші компонентімен  егілді, — деді Райхан Қойшанова.

  • 1 қыркүйектен бастап облыс және қала мектептері штаттық режимде өз жұмысын бастайды. Мектептер арнайы залалсыздандыру құралдарымен толық қамтылған. Індеттің алдын алу мақсатында педагогтер, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, әскерилер ревакцинация алуға міндетті. Әсіресе медициналық мекемелерде бетперде тағу тәртібі сақталады. Статистика бойынша 34181 ақтөбелік ревакцинациядан өтті, — деп атап өтті Бақытжан Түлкібаева.

   Ақмарал МҰҚАШЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button