Жаңалықтар

Жаңа мешіт ашылды

Иман

Ақтөбе қаласындағы Ақжар-2 ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді.

Бұл жөнінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. Демеушілер қаржысына салынған жаңа мешіт Әзіреті Біләл мешіті аталып отыр. Мешіттің жалпы сыйымдылығы — 1,2 мың адам.

Мешіт екі қабатты, 1-қабатында 800 адамдық, 2-қабатында 400 адамдық намазхана залдары бар. Мешіт ауласында имамға арналған пәтер де салынған.

Мешіттің ашылу салтанатына облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, дін қызметкерлері, БАҚ өкілдері және қалың көпшілік қатысты.

Жиында ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мешітті имандылықтың, бірліктің ұясына айналса деген игі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ демеушілерге ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хаты табысталды.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button