Мереке

Ашық аспан астындағы акциялар

Конституция күні қарсаңында өңіріміздегі кітапханалар тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырады. Іс-шараның басты мақсаты —Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды оқырмандарға түсіндіру, құқықтық, заңнамалық басылымдарды, жадынамаларды таныстыру.

«Kids book fest —2022» балалар кітап фестивалі аясында Абай гүлзарында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі»атты кітап көрмесінжасақтады.Мерзімді басылымдар бөлімшесінің қызметкері Мадина Әленова кітапханадағы құқық саласының кітаптарын оқырмандарға таныстырып, тақырыптық көрменің өзектілігін атап өтті.Сондай-ақ «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі», «Конституциялық құқықты жүзеге асырудың механизмдері» және т.б. заң саласындағы кітаптар оқырман назарына ұсынылды.

Сонымен қатар облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы «Конституция — кемелдік кепілі» атты дауыстап оқу акциясын өткізді.

  • Электронды нұсқадағы аудио кітаптармен кітап қорын толықтырып жатырмыз. Ерекше назарды қажет ететін оқырман санаты үшін дауыстап оқудан бөлек, әдеби музыкалық кештерді жиі ұйымдастырамыз, —дейді аталған кітапхана қызметкері Рысжан Қарағұлова.

Еске сала кетсек, өңіріміздегі арнаулы және көпшілік кітапханалар маусым айынан бері ашық аспан аясындағы мәдени іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Қыркүйек айында кітап фестивалі қорытындыланып, ең үздік мектептер арнайы номинациялармен марапатталады.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button